
НЗМ — Назарбаев зияткерлік мектептері. Қазақстанда 21 НЗМ мектебі бар.
Артықшылықтары:
- Еуропалық стандарттар бойынша оқытылады
- Оқу 3 тілде өтіледі
- Шетелдік ЖОО-на қосымша емтихансыз түсуге болады
- Жатақханасы бар
- Тегін тамақ беріледі
- Мектеп формасы және спорт формасы тегін
- Көптеген үйірмелер және арнайы жабдықталған кабинеттер бар
Емтихан форматы:
Мерзімі:
Жыл сайын көктемде (сәуір) 6 сыныптар үшін 2 кезеңнен тұратын тестілеу болады.
Ең жоғарғы балл 1500. Конкурс нәтижесі бойынша жоғарғы балл алған оқушыға грант беріледі
Қабілеттілікті бағалау тесті 1 кезең | Тілдік тест 2 кезең | ||||
Математика | 40 тапсырма | 60 минут | Қазақ тілі | 20 тапсырма | 120 минут |
Сандық сипаттамалар | 60 тапсырма | 30 минут | Орыс тілі | 20 тапсырма | |
Жаратылыстану | 20 тапсырма | 30 минут | Ағылшын тілі | 20 тапсырма | |
Барлығы |
120 тапсырма | 120 минут | Барлығы | 60 тапсырма | 120 минут |
* Емтихан және қабылдау ережелері жайлы қосымша ақпараттарды nis.edu.kz сайтынан біле аласыздар.