Қолдану келісімшарты

Жалпы шарттар

  1. Берілген сайт осы сайттың құқық иесі болып табылатын «maksatschool.kz» ЖК компаниясымен басқарылады. Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мамыр-4 ықшамауданы, 297А
  2. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, электронды поштамызға хат жіберіңіз maksatschool@gmail.com немесе +7 708 325 9340 нөміріне хабарласыңыз.
  •  «maksatschool.kz» білім беру платформасы» — кіру арқылы сабақтар мазмұнымен және тегін сабақтармен танысуға болады. Платформаға кіру арқылы сіз қолдану шарттарымен келісесіз. Берілген Пайдалану шарттарымен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз.
  •  Білім беру платформасы құрамында maksatschool.kz-пен алдын-ала танысуға арналған тегін материалдар және ақылы сабақтар бар екенін хабарлаймыз. Тегін сабақтар платформамен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.
  •  maksatschool.kz-ке жазылым ақылы және бұл Қызмет төлемі қайтарылмайды.
  • Меншік иесі қызмет түрінің сапасын арттыру мақсатында пайдаланушыға алдын ала хабарламай кез келген курстың мазмұнын өзгертуге, өшіруге, толықтырулар енгізуге құқылы.

Құпиялық саясат

Maksatscool.kz  сайтындағы курстарға қол жеткізу.

  1. maksatschool.kz – курсқа жазылған соң, сізге ақылы және тегін бөлімдегі сабақтарды көруге рұқсат береді. Сайттың жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір материалды көшіруге, жүктеуге және коммерциялық мақсатта пайдалануға тиым салынады.
  2. Пайдаланушы maksatscool.kz сайтының құқық иесінің жазбаша келісімінсіз саудалық марканы, логотипті немесе басқа да жекеменшік ақпаратты (оның ішінде бейнелер, мәтін, беттердің компоновкасы және басқа да ақпаратты) жасап шығаруға немесе пайдалануға құқылы емес. Сіздің maksatscool.kz сайтын рұқсатсыз кез келген жағдайда пайдаланғаныңыз сайтқа кіру мүмкіндігін автоматты түрде жоққа шығарады. Егер Сіз осы Шарттарды бұзсаңыз немесе құқық иесінде Сіздің соларды (Шарттарды) бұзып отырғаныңыз жайында жеткілікті негіздемесі бар болса, біз алдын-ала ескертпей Сіздің сайтқа кіру мүмкіндігіңізді тоқтатып қоюға және/немесе жоюға құқылымыз.
  3. Сіз бізге зиянды бағдарламаларды (вирустар, трояндық бағдарламаларды т.б.) немесе басқа да зиянды бағдарламалық жасақтамаларды, саяси хабарларды, намысқа тиетін, тіл тигізетін ақпарат пен хабарламаларды, жаппай таратылатын хаттар мен «спам»-ның өзге де түрлерін жібермейтіңізбен келісесіз.
  4. Сіз заңсыз немесе рұқсат алынбаған жағдайда біздің компьютерлік жүйемізге, жүйелік құпия ақпаратқа, өзге пайдаланушылар жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуге әрекет етпейтініңізбен келісесіз.
  5. Сіз электрондық жалған және/немесе IP мекен жайын қолдануға, басқа бір адам не ұйымның атын бүркенуге, өзге пайдаланушының не тұлғаның атын жамылып қандай да бір әрекет жасауға бара алмайсыз.
  6. Сайт кейде техникалық қызмет көрсету режимінде болуы мүмкін. Біз мұндай жағдай болғанда тез арада жағдайды реттеуге тырысамыз.

Пайдаланушының аккаунты

  1. maksatschool.kz контентін пайдалануға қол жеткізу үшін тіркелу қажет. maksatschool.kz сайтында тіркелу арқылы Сіз өз жеке басыңызға қатысты деректерді maksatschool.kz білім беру платформасының Шарттары аясында пайдалануға келісіміңізді бересіз.
  2. maksatschool.kz — білім беру платформасында Пайдаланушылар арасында хабарламалармен алмасып тұру мүмкіндігі бар. Хат алысу кезінде этика нормаларын бұзуға, балағат сөздер қолдануға, адам намысына тиюге, ар-ожданына нұқсан келтіруге, ұлтаралық, дінаралық және басқа да араздық түрлерін қоздыруға жол берілмейді. Аталған нормаларды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жаза қарастырылатынын ескертеміз.
  3. maksatschool.kz — пайдаланушылары арасындағы жеке хат алысу кезінде өзге пайдаланушылар тарапынан әдеп мен этика нормаларының сақталуы үшін платформа қызметкерлері жауап бермейді. Алайда қажет болған жағдайда сайт әкімшілігі модератор ретінде хаттарды өңдеуге құқылы
  4. 18 жасқа толмаған болсаңыз, maksatschool.kz сайтын тек ата-анаңыз немесе ресми қамқоршыңыздың рұқсатымен ғана пайдалана аласыз.
  5. maksatschool.kz өз қарауынша қызметтерді көрсетуден бас тартуға, аккаунттарды жоюға немесе тапсырыстардың күшін жоюға құқылы. maksatschool.kz, алаяқтықты болдырмау мақсатында тіркеуден бас тартуға құқылы.

Зияткерлік меншік

  1. Сайттағы бүкіл контент және ақпараттар (мәтін, бейне, курстар) maksatschool.kz меншігі болып табылады.
  2. Сайттың жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір материалды көшіруге, жүктеуге және коммерциялық мақсатта пайдалануға тиым салынады.

maksatschool.kz -ті және контентті коммерциялық пайдалануға қатысты туындаған барлық сұрақтарыңыз бойынша құқық иесі « maksatschool.kz » хабарласыңыз. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мамыр-4 ықшамауданы, 297А. Телефон: +7708 325 9340

+7708 614 7650, Электронды пошта: maksatschool@gmail.com